24.08.2018, 18:03 651 Дмитрий Баландин Азия ойындарында екінші рет қола медаль жеңіп алды

Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалдық сында жерлесіміз жапониялық Ясухиро Кусико (27.07) мен қытайлық Ян Зибейден (27.25) қалып қойды. 

Баландиннің көрсеткіші - 27.46. 

Бұл Баландиннің биылғы Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында да үздік үштікті тұйықтаған еді. 

Баландин өзі Олимпиада чемпионы атанған 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне жарақатына байланысты қатыспайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал