25.04.2018, 11:03 954 Дмитрий Груздев «Достық шеруінде» төбе көрсетеді

1 мамырда Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеруі» атты велошеру өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталады, қатысушыларды тіркеу сағат 11.00-де өткізіледі. Маршруттың ұзындығы – 4100 м. Велошеруге қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтеді. Спорттық іс-шара Астананың 20-жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, 12-ден асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.   

Мұнымен қоса, велошеруге «Астана» Президенттік клубының «Astana Pro Team» кәсіпқой командасының өкілі Дмитрий Груздев те шақырылды. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ жеке жарыста Азияның екі дүркін чемпионы болып табылады.

Жарыс алдында концерттік бағдарлама өтеді, әр қатысуға энергия мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын жалпы спорттық жаттығулар жасалады. Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал