07.07.2018, 9:20 848 Дычко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко (6-0, 6 КО) кәсіби бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Иван Дычко кезекті кездесуін Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) 42 жастағы америкалық ардагер Морис Харриспен (26-21-3, 11 КО) өткізді. Сегіз кезеңге есептелген жекпе-жекте қазақстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Сөйтіп ол өзінің кәсіби рингтегі жетінші жеңісін тойлады.
Еске салайық, Дычконың соңғы айқасы Сент-Питерсбергте (Флорида штаты, АҚШ) тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Морронемен өткен. Кездесу отандасымыздың бірінші раундта алдын ала жеңіске жетуімен аяқталған болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал