24.05.2018, 11:53 805 Дычко келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіндігі белгілі болды

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычоның кәсіби рингтегі кезекті кездесуі кіммен өтетіні белгілі болды.
Иван Дычоның қарсыласы болып 32 жастағы америкалық Майкл Маррон (21-8, 15 КО) белгіленді. Жекпе-жек 16 маусымда Сент-Питерсбергте (АҚШ, Флорида штаты) өтеді.
Марроне өз карьерасында 18-0 рекордына қол жеткізген, сондай-ақ ол кезінде әлемнің бұрынғы чемпионы Шэннон Бриггспен рингте кездескенімен де мақтана алады.
Еске сала кетейік, Дычко Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында 24 наурызда өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал