25.03.2018, 15:30 807 Дычко мен Тұрсынғалиев әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық боксшылар Мұса Тұрсынғалиев (7-0-0, 6 КО) пен Иван Дычко (5-0-0, 5 КО) Голливудтағы жеңістерінен кейін әлемдік бокс рейтингінде өз позицияларын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Доминикандық Луис Хиноисаны (31-13-0, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңген Мұса Тұрсынғалиев 167 позицияға көтеріліп, Boxrec.com сайтының рейтингінде 242 орын алды. Еске салайық, қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Солтүстік Америка чемпион титулын (WBA NABA) иеленді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко америкалық боксшы америкалық Стивен Кирнонды (2-1-0, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, 41 орынға көтеріліп және 217-орынға жайғасқан.

Айта кетсек, Тұрсынғалиев пен Дычкомен кәсіпқой рингте «Heavyweight Factory» промоутерлік компаниясы жұмыс істеп жатыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал