17.06.2018, 11:18 785 Дычко тәжірибелі америкалықты сұлатып түсірді

Қазақстандық ауыр салмақ өкілі Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бүгін АҚШ-тың Флорида штатындағы Сент-Питерсберг қаласында тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Марронемен кездесті. Сегіз раунд форматындағы кездесудің жеті раундын жанкүйерлер көре алған жоқ. Өйткені қазақстандық жойқын соққы иесі қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды.

Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады. Бұрын 21 рет жеңіске жеткен 32 жастағы Майкл Марроне осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Канадада да жерлестеріміз - Садриддин Ахмедов пен Нұрзат Сабыров кәсіпқой рингтегі кезекті кездесулерін нокаутпен аяқтаған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал