07.07.2018, 14:39 Дычконың қарсыласын нокаутқа түсірген сәті (видео)

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко (6-0, 6 КО) кәсіби бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Иван Дычко кезекті кездесуін Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) 42 жастағы америкалық ардагер Морис Харриспен (26-21-3, 11 КО) өткізді. Сегіз кезеңге есептелген жекпе-жекте қазақстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Сөйтіп ол өзінің кәсіби рингтегі жетінші жеңісін тойлады.
  • Достармен бөлісу: