25.07.2018, 17:38 694 Джакартадағы Азия ойындарына елімізден тоғыз киберспортшы қатысады

Джакартадағы Азия ойындарына елімізден 9 киберспортшы қатысады , деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Индонезия астанасы Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына 9 қазақстандық киберспортшы қатысады.

Қазір олар дайындық үстінде. Бұл спорт түрі құрлықтық доданың бағдарламасына жыл басында енгізілген болатын. Киберспорт қандай сайыс түрі? Жалпы спортқа жата ма?

Азия ойындарына Алматы мен Астанадан бөлек, Ақтау, Шымкент және Оралдың киберспортшылары да барады. Олар іріктеу кезеңінде түркменстандық және өзбекстандық қарсыластарынан басым түскен.

Айта кетейік, Азия ойындары 18 тамызда Индонезия астанасы Джакартада басталады. Ал киберспортшылар жарыс жолына 1 аптадан кейін шығады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал