26.10.2018, 14:49 1082 Джермалл Чарло Головкинмен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді

WBC тұжырымының «уақытша» белбеуінің иесі, орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарло өз салмақ санатындағы соңғы оқиғаларға қатысты пікірін айтты.

Өткен демалыс күндері жапониялық боксшы Риота Мурата күтпеген жерден америкалық Роб Бранттан жеңіліп қалған болатын. Бұл оқиға Головкиннің 2019 жылдың көктемінде Токиода жекпе-жек ұйымдастыру туралы жоспарын бұзды.

«Роб Брант Муратаны жеңіп, көп нәрсені өзгертіп жіберді. Бірақ осы салмақ санатының королі - әлі де Геннадий Головкин. Сондықтан мен онымен жекпе-жек өткізгім келеді», - дейді Джермалл.

Еске сала кетейік, WBC Чарлоға Сауль Альварес иеленіп тұрған белбеу үшін айқаспас бұрын Головкинмен жекпе-жек өткізуі керек деп шешім шығарған еді. Ал америкалық боксшы 22 желтоқсан күні жерлесі Кіші Вилли Монроға қарсы рингке шығады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал