18.04.2018, 10:47 733 Джейкобс Головкинге лайықты қарсылас тауып берді

Әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниел Джейкобс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке шығуы керек деп есептейді.

«Головкин Деревянченкомен айқасқа шығуы керек. Бұл екі боксшы үшін тиімді болмақ. Мен Сергей мұндай мүмкіндікке ие болып, Геннадийге қарсы жекпе-жекке шықса қуанар едім. Бұл бизнес тұрғысынан қараған кезде тиімді деп айтпасам да, спорт үшін маңызды болмақ», - деді The Daily Express-ке берген сұхбатында Джейкобс.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко келісімге келген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал