13.03.2018, 14:08 1279 Джокович Майк Тайсонның қызымен теннис ойнады

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Индиан-Уэллстегі турнирден кейін боксшы Майк Тайсонның қызымен жаттықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Менің Индиан-Уэлсстегі сапарымның ең маңызды сәті Новак Джоковичпен кездескенде басталды. Ол маған бірге ойын өткіземіз деп уәде етті. Шынымды айтсам, мен аң-таң күйге түстім. Новактың адамгершілігі мен қарапайымдылығының алдында бас иемін. Уақытыңды бөліп, керемет ойын кешін сыйлағаның үшін алғыс білдіргім келеді. Бүгінгі күнді ешқашан естен шығармаспын», - деп жазады Милана Тайсон өзінің инстаграм желісінде.

  • Милана Тайсон сербиялық теннисшімен 2 жыл бұрын кездескен.
  • Джокович Индиан-Уэллс турнирінің бірінші айналымында жапониялық таро Даниэльге 6:7, 6:4, 1:6 есебімен жол берді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал