17.07.2018, 9:07 690 Джошуа - Поветкин жекпе-жегі Головкиннің табысын азайтады

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының президенті Эдди Хирн супер ауыр салмақтағы Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) және Александр Поветкин (34-1, 24 КО) кездесуінің өтетінін ресми мәлімдеді.
Жекпе-жек 22 қыркүйекте Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Онда қазір Джошуаның иелегінде тұрған IBF, WBA Super, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белдігі сарапқа салынады. Джошуа - Поветкин жекпе-жегі Еуропа нарығына бағытталғанмен, Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) рематчының табысын біршама азайтуы мүмкін.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек те осы сияқты қағажу көрген болатын. Сол кездесу де Лас-Вегаста, 16 қыркүйекте болған. Соның алдында ғана, 26 тамызда Кіші Флойд Мэйвезер (50-0, 27 КО) мен UFC чемпионы Конор Макгрегордың үлкен шоуға айналған жекпе-жегі өткен болатын.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал