05.05.2018, 23:37 896 Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты басталды

 

Өскемен қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Талғат Ақтаевты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионатқа Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан барлығы 300-ге жуық дзюдошы қатысты.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында Ресей және Қырғызстан елінің спортшылары да бар. Бүгін бастау алған байрақты бәсекеде финалға шыққан дзюдошылар «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болады.

Назарларыңызға бүгінгі жарыс қорытындысын ұсынамыз:
 

Әйелдер:

48 кг

1. Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

2. Айдана Бугулбаева (ШҚО)

3. Айгерим Торегожина (Атырау облысы)

3. Cалтанат Султанбекова (Қызылорда облысы)

52 кг

1. Қайыпхан Ақжол (Атырау облысы)

2. Ералиева Нұрсұлу (Алматы облысы)

3. Динара Мұссырман (Астана)

3. Балнұр Құрманбай (Алматы қаласы)

57 кг

1. Камшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)

2. Фариза Құлынтай (Ақтөбе облысы)

3. Меруерт Сарсенова (Алматы облысы)

3. Гаухар Дүкенбай (Жамбыл облысы)

Ерлер:

60 кг

1. Қанат Сейілхан (Атырау облысы)

2. Рамазан Мамаев (Маңғыстау облысы)

3. Жексенбаев Азамат (Атырау облысы)

3. Изат Бакиров (Астана)

66 кг

1. Дамир Бекессов (Алматы облысы)

2. Нұрбол Рахымберлі (Қарағанды облысы)

3. Армат Есқазиев (Алматы қаласы)

3. Тургунов Надыр (ОҚО)

73 кг

1. Жанболат Бағытбергенов (Ақтөбе облысы)

2. Мади Амангелді (Астана)

3. Эдгар Агамирян (Ресей)

3. Ильяс Нүсіппаев (БҚО)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал