28.01.2018, 13:15 699 Егде шаңғышы жарыс жолында көз жұмды

Ресей шаңғышысы Андрей Шамшурин АҚШ-та өткен ардагер шаңғышылар арасындағы әлем чемпионатында жарыс жолында келе жатып көз жұмды, деп хабарлайды skisport.ru сайты.
«Лыжный спорт» журналының редакциясы мәлімдегендей, 1963 жылғы ресейлік шаңғышы жарыс жолында келе жатып көз жұмған. Ардагерлер арасындағы чемпионат 26 қаңтар күні Миннесота штатында өткен болатын. Куәгерлердің айтуынша ресейлік шаңғышы мәреге сәл ғана жетпей қалған. Енді спортшының отбасына мәйітті АҚШ-тан жеткізу қомақты қаражат керек.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал