09.04.2018, 14:03 1397 Екі дүркін олимпиада чемпионы өмірден озды

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы атанған Беларусь спортшысы Александр Курлович қайтыс болды. Онымен қоштасу рәсімі бүгін Гродно қаласында өтеді, деп хабарлайды БЕЛТА.
Әйгілі спортшы 57 жасында өмірден озды. Олимпиаданың қос алтынынан тыс, Курлович төрт дүркін әлем чемпионы болған. Кәсіби мансабы барысында спортшы он екі рет ғаламшар рекордын орнатты.
Спортшы ретіндегі карьерасын аяқтаған соң, Еуропа және Халықаралық ауыр атлетика федерацияларының атқару комитеттерінің мүшесі қызметін де атқарған.
Гроднода туып-өскен Александр Курловичтің мәйіті Космонавтар даңғылындағы орталық қалалық зиратқа жерленетін болды.
Фото: s14.stc.all.kpcdn.net

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал