19.08.2018, 16:00 864 Екі қазақстандық боксшы үздік промоутерлік компаниямен жұмыс істейді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Асхат Уәлиханов (3-1, 2 КО) пен Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) әлемнің ірі промоутерлік компанияларының бірі Боб Арумның Top Rank Promotions компаниясымен келісімшарт жасасты.

Бұл туралы Асхат Уәлиханов мәлім етті. «Сағадатпен бірге Top Rank Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырдық. Менеджер Эгис Климаспен жұмыс істей береміз. Келісімшарттың егжей-тегжейін қазір айта алмаймын», - дейді боксшы.

Top Rank Promotions АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде ең танымал әрі құрметке бөленген промоутерлік компания болып табылады. Ол ұйымдастырған бокс кештері HBO, Showtime, NBC, ESPN сияқты АҚШ-тың ең беделді телеарналары арқылы көрсетіледі. Top Rank рингке шығарған боксшылардың арасында Мұхаммед Әли, Джордж Форман, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Хуан Мануэль Маркес, Оскар Де Ла Хойя, Джо Фрейзер, Роберто Дюран, Алексис Аргуэльо, Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд, т.б. бар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал