11.06.2018, 11:33 843 Эквадор чемпионатындағы матчта келеңсіз оқиға орын алды (видео)

Эквадор чемпионатының екінші дивизионындағы «Портовьехо» мен «Манта» командалары арасындағы кездесуде келеңсіз оқиға орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Аталған матчтың 27-ші минутында алаңдағы футболшылар мен төрешілер газонға жатып, қимылдамай жатып алды. Оған үйір-үйірмен алаңды кезген аралар себеп болды. Ойын бірнеше минутқа тоқтатылды, бірақ ешкім де зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, мұндай жағдай Эквадорда алғаш рет орын алып тұрған жоқ. 2016 жылы аралар «Ривер Плейт» - «Аукас» ойынында атой салған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал