29.06.2018, 13:48 997 Елбасы Головкинді Тұңғыш Президент орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қабылдады. Елбасы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинді жылы қарсы алып, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жеңісімен мақтанатынын айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

- Отандастарың сенің жекпе-жектеріңді қадағалап отырады. Сен Қазақстанның атын әлемге танытып, өз отаныңды ұмытпай, оны үнемі айтып жүресің. Біз сенімен мақтанамыз. Қыркүйекте сені өте маңызды кездесу күтіп тұр. Барлық қазақстандықтардың атынан жеңіс тілеймін, - делі Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты насихаттап, халықаралық аренада елдің имиджін арттыруда Геннадий Головкиннің рөлі жоғары екенін ерекше атап өтті.

- Сен өз салмағыңда теңдессіз үздіксің, бірде-бір рет жеңіліс таппаған саған нокаутер деген ат та берді. Бұл - Қазақстан үшін үлкен жетістік және еліміздегі спортта насихаттаудың жақсы жолы. Біз сенің күш-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізетін мүмкіндік болса, көмектесіз, - деді Қазақстан президенті.

Г.Головкин өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстандағы спортты, оның ішінде, боксты дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

- Елімізді әлемдік аренада таныту үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Егер бәрі сәтті болса, Қазақстанда кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Меніңше, мұндай кездесу барлығына қызықты болады, - деді Головкин.

Боксшы Қазақстан президентіне өзінің чемпиондық белдіктерін тарту етсе, кездесу соңында Мемлекет басшысы Г. Головкинді «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал