14.03.2018, 23:29 1867 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Паралимпиада ойындарында жеңіске жеткен Александр Колядинді құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XII қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленген шаңғышы Александр Колядинді құттықтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Бұл жарқын жеңіс Қазақстанның миллиондаған жанкүйеріне қуаныш сыйлап, еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялатады. Сенің жетістігің Қазақстан спортының тарихына еніп, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі болары сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық пен амандық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал