24.10.2018, 11:49 8376 Елдос Сметов Азия ойындарындағы жарақатынан соң татамиге оралды

27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді. Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейтингтегі үздіктер қатысатын турнирге Қазақстан ерлер командасы мықты құраммен аттанды. Әбу-Даби татамиінде әлем чемпионы Елдос Сметов, биылғы әлемдік сынның күміс жүлдегері Ержан Серікжанов, Азиада чемпионы Дидар Хамзалар күреседі. 

Айта кетелік, Джакаратадағы Азия ойындарындағы жарақатынан соң команда үздігі Елдос Сметов алғаш рет ірі жарысқа қатыспақшы. Сметов Бакудегі әлем чемпионатынан да сырт қалған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал