25.05.2018, 15:14 972 ​Елдос Сметов Гран-при турнирінде чемпион атанды

Елдос Сметов Хух-Хотода өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде чемпион атанды. Ол финалда отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Елдос Сметов жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы белдесуінде жапондық Юма Ошиманы қосымша уақытта (голден скор) вазари ұпайымен, екінші айналымда ресейлік Роберт Мшвидобадзені уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Бразилия дзюдошысы Пелим Фелипені иппон ұпайымен ұтып, финалға шыққан болатын.

Ал Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жеңіліссіз 3 кездесу өткізді. Ол алғашқы белдесуінде Солтүстік Кореялық Пае Донг Жонгпен кездесіп иппонмен жеңсе, екінші белдесуінде моңғолиялық Ганбад Болдбаатарды ұтып, жартылай финалға жолдама шығып, жартылай финалда Амартувшин Дашдавааны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңіп,шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал