25.05.2018, 15:40 980 Елдос Жұмақанов Гран-при турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды

Қытайдың Хоххот қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медаль түсті. 66 келіде сынға түскен Елдос Жұмақанов турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Елдос алғашқы айналымда АҚШ балуанын, екінші кезеңде Иран спортшысын жеңді. Алайда, өз тобындағы шешуші сында неміс балуаны Себастьян Сейдлдан ұтылып қалды.

Жұбаныш белдесуінде қытайлық спортшыны тізе бүктірген Жұмақанов қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болды. Қола жүлде үшін тартыста Елдос ресейлік Абдулла Абдижалиловті «юко» ұпайымен жеңіп, турнирде үшінші орын иемденді.

Еске сала кетейік, бүгін 60 келіде сынға түскен қазақ балуандары – Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев турнирдің алтын және күміс жүлдегерлері атанған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал