01.05.2018, 19:57 757 Елеусінов бір айдан кейін тағы рингке шығады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) бір айдан кейін рингке шығады.
Анықталғандай, ол 6 маусым күні Лондондағы York Hall орталығында өтетін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) - Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жекпе-жегінің андеркардында бокстасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Алиев оның кәсіби рингтегі кезекті кездесуі маусым айының шамамен 6-да өтуі мүмкіндігін айтқан болатын.
Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол америкалық боксшыны нокаутқа түсірген еді. Өзінің дебюттік кездесуі алдында берген сұхбатында Елеусінов "Қазақстанның атынан шығу - Отанымды әлемге паш ету. Өз елімнің намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын", - деп атап өткен болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал