20.11.2018, 11:51 6952 Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы видео жариялады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 KO) әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы видеожазба жариялады.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Даниярдың 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) никарагуалық Карлос Мохикаға (16-2-2, 12 KO) қарсы рингке шығатынын мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшы алдағы кездесу туралы видеоны Инстаграмдағы парақшасында жариялаған.

Еске сала кетейік, алдағы бокс кешінде Даниярдан тыс, тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (1-0, 0КО) те өнер көрсетеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал