06.06.2018, 12:35 1151 Елеусінов және Джейкобс. Олардың есімі неге бірге аталды?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Ұлыбританияның «Matchroom Sport» промоутерлік компаниясындағы Даниел Джейкобстан кейінгі екінші британиялық емес боксшы. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА тілшісі аталған ұйымға сілтеме жасай отырып, хабардар етеді.

Айтылған компания боксқа қатты көңіл бөледі. Гольфтан кейінгі ең көп қаражатты осы спорт түріне құяды екен. Қазір олар компанияның атынан шығатын 52 кәсіпқой боксшыны қатарына қосты. Олардың арасында WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа(20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук, (37-2, 26 КО) орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Даниел Джейкобс (33-2, 29 КО) та бар.

Ең қызығы, сол 52 боксшының ішінде тек Даниел Джейкобс пен Данияр Елеусінов қана британиялық емес спортшы.

«Matchroom Sport» - түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыратын компания. Ұйымның негізін ағылшындық кәсіпкер Барри Хирн мен оның ұлы, отандасымыз Данияр Елеусіновтің промоутері Эдвард Хирн қалаған.  

Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов осы жылдың наурыз айында Эдвард Хирнның қол астына өткен еді.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал