23.11.2018, 16:06 9124 Елеусінов жанкүйерлерді өзінің ертеңгі жекпе-жегіне куә болуға шақырды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлода (Монако) профи-рингтегі  кезекті айқасы алдында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз алды.

24 қарашада Данияр  Монте-Карлода (Монако) Casino de Monte Carlo Salle Medecin ойын-сауық кешенінде никарагуалық Карлос Мохикамен (16-2-2, 12 КО) жекпе-жекке шығады.

«Маған бұл орын ұнайды. Мұнда бірінші рет келіп отырмын және соңғысы болмайтындығына сенемін. Маған әр елде, әртүрлы жандардың алдында бокстасу ұнайды. Сенбі күні мені көру үшін келіңіздер!»,- деді Елеусінов.

Данияр соңғы жекпе-жегін 20 қазанда Бостонда (АҚШ) өткізді. Ол алғашқы раундта америкалық боксшы Мэтта Доэртиді (8-6-1, 4 КО) нокаутқа түсірді. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал