28.06.2018, 12:53 1128 «Елеусіновтің болашақта әлем чемпионы болатындығына кәміл сенемін» - Зия Әлиев

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО)  менеджері Зия Әлиев серіктесінің болашақта әлем чемпионы атанатындығына сенеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Біз Даниярдың келесі жекпе-жегін көруге асықпыз. Ол күн өткен сайын дайындығын күшейтіп, көз алдымызда кәсіпқой боксшы ретінде өсіп келеді. Мен оның болашақта әлем чемпионы болатындығына кәміл сенемін», - дейді менеджер.

Бұл туралы Worldboxingnews.net сайты жазды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 4-ші тамыз күні Кардифф (Уэльс) қаласында жекпе-жекке шығады. Әзірге оның қарсыласы анықталған жоқ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал