18.10.2018, 11:15 1013 Елеусіновтің келесі жекпе-жегін қайдан көруге болады

«Хабар» телеарнасы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 21-ші қазан күні Кардиффедегі жеңісінен кейін кәсіби рингтегі төртінші кездесуін өткізеді. Оның шаршы алаңдағы қарсыласы – америкалық боксшы Мэтт Доэрти.

Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын. Бұдан кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал