23.06.2018, 11:20 794 Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің анонсы жарияланды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) шаршы алаңға осы жылдың 4-ші тамызында оралады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін Лондонда емес, Кардифф (Уэльс) қаласында өткізетін болды. Әзірге Елеусіновтің қарсыласы анықтала қойған жоқ.

Еске сала кетейік, Данияр соңғы кездесуін Лондондағы «York Hall» орталығында мажар боксшысы Золтан Шабомен өткізді. Отандасымыз аталған жекпе-жекте барлық 6 раунд бойы қарсыласын тоқпақтап, ұпай саны бойынша жеңіске жеткен еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал