07.06.2018, 2:00 947 Елеусіновтің промоутері келесі жекпе-жектің уақытын жариялады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28-ші шілде күні өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін тағы да Лондонда өткізеді. Бұл жолы атақты О2 аренасында өнерін паш ететін болады. Бұл туралы Sky Sports эфирінде жерлесіміздің промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен мажар боксшысы Золтан Шабо ұшырасты. Кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізген жерлесіміз кезекті жеңіске қол жеткізді. Елеусінов барлық 6 раунд бойы Шабоны тоқпақтап, ұпай саны бойынша қарсыласынан озды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал