10.04.2018, 14:31 817 Елімізде бұрын-соңды болмаған форматта каратэ жекпе-жектері өтті

Қазақстандық киокушин шеберлері елімізде бұрын-соңды болмаған форматта жекпе-жектер өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

«Сыр шайқасы» деп аталатын халықаралық жолдастық кездесу Қызылорда қаласында болды. Онда кәсіпқой каратэшілер жиналғандарға ұмытылмас әсер сыйлады. Алғашқы жұпта қазақстандық Темірлан Жәнібек пен ресейлік Владимир Максимчев жолыққан еді. Қос қара белдік иесіне өзара мықтыны анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Ал қосымша уақытта жерлесіміз жеңімпаз атанды. Екінші боп татамиге шыққан қазақстандық Сералы Әбілқасым қырғызстандық спортшыға есе жіберді. Ал соңғы кездесуде жерлесіміз Никита Гарас Беларусь елінен келген Роман Бубелевті ұтты. Болашақта осындай қызықты да күрделі форматтағы жекпе-жектер өткізуді республикалық федерация дәстүрге айналыдыруды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, бұл жарыс ел кубогы аясында болды. Оған 500-ге жуық спортшы қатысып, олар 2 күн бойы 25 салмақ дәрежесі бойынша үздіктерді анықтады.

Елімізде бұрын-соңды болмаған форматта каратэ жекпе-жектері өтті

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/232583-elimizde-ka-an-formatta-zhekpe-zhek-tkizdi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал