31.03.2018, 8:38 772 Елімізде дзюдодан халықаралық турнир басталды

Павлодар қаласында дзюдодан ҚР Еңбек Сіңірген жаттықтырушысы, КСРО Спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Аталмыш турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен татами шеберлері мен Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай мемлекеттерінен 20 команда өзара мықтыны анықтап жатыр.

Жарыстың бірінші күнгі нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Ерлер:

60 кг
1. Қанат Сейілхан (Атырау облысы)
2. Айбек Имашев (Маңғыстау облысы)
3. Арман Отарбаев (Қарағанды облысы)
3. Георгий Шония (Астана)

66 кг
1. Дамир Бекесов (Алматы облысы)
2. Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)
3. Абылайхан Шаратов (Қарағанды облысы)
3. Дастан Шаяхметов (СҚО)

73 кг
1. Нұрлан Оразалин (ШҚО)
2. Мейіржан Қалтаев (ОҚО)
3. Руслан Мұсаев (Маңғыстау облысы)
3. Асқар Нарқұлов (Алматы қаласы)

Қыздар:

-48 кг
1. Абиба Абужақынова (Алматы облысы)
2. Ұлдана Сайыл (ОҚО)
3. Динара Мұсырман (Астана қаласы)
3. Әйгерім Төреғожина (Атырау облысы)

52 кг
1. Динара Бикен (Алматы облысы)
2. Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)
3. Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)
3. Ирина Кривенько (Павлодар облысы)

57 кг
1. Гаухар Дүкенбай (Жамбыл облысы)
2. Қымбат Бақыт (Қарағанды облысы)
3. Динара Абдильдаева (Алматы қаласы)
3. Ләззат Әлімхан (ОҚО)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал