13.03.2018, 12:45 832 Еліміздің велоспортшылары Филиппиндегі жарыстан олжалы оралды

Қазақстандық велоспортшылар Филиппин елінде өткен халықаралық жарыстан олжалы оралды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Сан-Матео қаласында аптаға жуық уақыт маунтинбайк шеберлері өзара мықтыны анықтаған болатын. Оған еліміздегі олимпиадалық даярлау орталығының 6 шәкірті қатысты.

Араларынан Денис Сергиенко мен Татьяна Богданова күміс жүлдегер атанды. Тыныс Ақанов баптайтын қыз-жігіттер маунтинбайктың «кросс-кантри олимпик» түрі бойынша сынға түскен еді.

Еліміздің велоспортшылары Филиппиндегі жарыстан олжалы оралды

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/226713-elimizdi-velosportshylary-filippindegi-zharystan-olzhaly-oraldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал