09.10.2018, 7:44 828 Элизабет Тұрсынбаева Finlandia Trophy турнирінің күміс жүлдегері атанды

Финляндияның Эспоо қаласында өткен Finlandia Trophy халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысқа бағдарлама 70,95 ұпай жинаған Тұрсынбаева еркін бағдарламаны бірінші орынмен аяқтады. Ол еркін бағдарлама қорытындысы бойынша әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышевадан да озып кетті. 

Сондай-ақ, Тұрсынбаева өз мансабында тұңғыш рет 70 ұпайдан асырып жинап отыр. 

Жалпы есепте 200,74 ұпай жинаған Элизабет биылғы маусымдағы екінші күмісіне қол жеткізді. 

Finlandia Trophy, Эспоо. 

Қорытындысы есеп: 

1. Елизавета Туктамышева (Ресей) – 202.85

2. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 200.74

3. Вивека Линдфорс (Финляндия) – 187.19

Еркін бағдарлама: 

1. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 129.79

2. Вивека Линдфорс (Финляндия) – 129.50

3. Елизавета Туктамышева (Ресей) – 129.02

Айта кетейік, биылдан бастап Тұрсынбаева ресейлік бапкер, Олимпиада чемпионы Алина Загитованың жаттықтырушысы Этери Тутберидзенің қоластында дайындалуда. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал