02.07.2018, 16:14 1589 Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды

Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағы 2018/2019 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің кестесі мен қатысушыларын жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Гран-при додасын Канададан бастайды. Ол 26-28 қазан күндері өтетін Scate Canada турнирінде бақ сынайды. 

Сондай-ақ, Элизабет Ресейде өтетін «Ростелеком» кубогында да жүлдеге таласып көрмекші. 

Еске сала кетейік, Тұрсынбаева жаңа маусымды жаңа бапкердің қоластында бастайды. Қазақстандық спортшыны канадалық Брайан Орсер жаттықтырып жүр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал