22.03.2018, 13:05 1164 Элизабет Тұрсынбаева Миланда өтіп жатқан әлем чемпионатында 11-ші орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Миланда өтіп жатқан әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында 11-ші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша 62.38 ұпай жинады. Осылайша, Элизабет еркін бағдарламаға жолдама алды.

Әзірше көш басында италиялық Каролина Костнер - 80.27 ұпай. Екінші орында Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы ресейлік Алина Загитова (79.51) болса, үздік үштікті жапониялық Сатоко Мияхира (74.36) қорытындылап тұр.

Еркін бағдарлама наурыздың 23-не жоспарланған.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты, Милан, Италия

Әйелдер, қысқа бағдарлама

1. Каролина Костнер (Италия) - 80,27
2. Алина Загитова (Ресей) - 79,51
3. Сатоко Мияхира (Жапония) - 74,36

… 11. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 62,38

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал