21.09.2018, 11:02 1544 Элизабет Тұрсынбаева Словакиядағы халықаралық турнирде екінші орында келеді

Словакияның Братислава қаласында мəнерлеп сырғанаудан  Ondrej Nepela ondrej 2018 халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған сынға қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қатысып жатыр. Қысқа бағдарламаны еш қатесіз орындаған  біздің спортшымыз 69,99 ұпаймен екінші орында тұр.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 70,79 ұпай жинаған жапониялық Рика Кихира бірінші орында. Үшінші орында ресейлік Станислава Константинова. 

Ертең спортшылар еркін бағдарламада сынға түседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал