24.09.2018, 7:16 1426 Элизабет Тұрсынбаева Словакиядағы халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

Словакия астанасы Братиславада мәнерлеп сырғанаудан Ondrej Nepela Trophy-2018 халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екінші орын иеленді деп, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламадан соң Тұрсынбаева жапондық Рики Кихираны ғана алға жіберіп, екінші орын алған болатын. Біздің спортшымыз жалпы есептегі жүлделі орнын сақтап, екі бағдарлама бойынша 192.30 ұпай жинады. 

Алтын медаль 218.16 ұпай иеленген Кихираның еншісінде. Ал қола жүлдені 180.02 ұпай жинаған ресейлік Светлана Константинова жеңіп алды.

Айта кету керек, бұл Тұрсынбаеваның биылғы маусымдағы алғашқы жарысы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал