23.08.2018, 15:00 661 Ерасыл Қайырбек Азия ойындарының қоласын жеңіп алды

Таеквондодан 68 келі салмақта сынға түскен Ерасыл Қайырбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалдық бәсекеде Ерасыл кореялық спортшыдан 10:32 есебімен жеңіліп қалды.

Таеквондо ережесі бойынша, жартылай финалда ұтылған спортшы қола жүлдегер атанады.

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал