12.11.2018, 6:15 8663 Ерасыл Қажыбаев Гран-При кезеңінің қола жүлдегері атанды

Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Ташкентте өткен Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл өз тобында Иран және Қырғызстан спортшыларын жеңіп, жартылай финалға жолдама алған. 

Алайда, ресейлік Сослан Бостановпен өткен кездесуде жеңіліске ұшырап, қола медаль үшін күресті. 

Кіші финалда Ерасыл өзге емес, татами иесі саналатын өзбекстандық Ихтиор Халмуратовпен белдесті. Тартысты жекпе-жекте біздің балуан «иппон» әдісімен жеңіске жетіп, Гран-при кезеңдеріндегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, Ташкентте 81 келіде ел намысын қорғаған Дидар Хамза жеңімпаз атанды. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал