05.07.2018, 11:23 1426 Еркін күрес балуандары Алматыда бас қосады

 

6 шілде күні Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен жастар арасындағы ұлттық құрамалардың кездесуі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап.

Кубок форматында он салмақ дәрежесі (57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125) бойынша өтетін жарыс Астананың 20 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылады. Жарысқа Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан  және  Қыргызстан елдерінің жас балуандары қатысады.

ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясы бұған дейін хабарлағандай, Қазақстан командасының негізін еркін күрес академиясының жас балуандары құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал