02.10.2018, 11:49 1517 Ерлан Серікжанов дзюдодан әлемдік рейтингте 20 сатыға жоғарылады

Бакуде дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты аяқталған соң, Халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік рейтингті тағы бір жаңартып шықты,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақ спортшыларының арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен 66 келідегі Ерлан Серікжанов 36-шы орыннан 16-шы сатыға көтерілді. 

Осы салмақтағы Елдос Жұмақанов 7-ден 9-шы орынға сырғыды.

60 келідегі Ғұсман Қырғызбаев алтыншы, Елдос Сметов 15-ші орында. 

73 келідегі Жансай Смағұлов 9-шы, 81 келідегі Дидар Хамза 33-ші, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг 5-ші сатыда. 

Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал