15.03.2018, 22:56 862 Ерлер арасындағы спринтте Еремин 22-ші келді

Норвегияның Холменколлен қаласында биатлоннан Әлем кубогының сегінші кезеңінде ерлер арасындағы спринт сайысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіс норвегиялық Хенрик Л’Абе-Лундке бұйырды. Екінші орынды оның отандасы Йоханнес Бе иеленді. Үздік үштікті франциялық Мартен Фуркад қорытындылады.

Қазақстандықтар арасында үздік нәтижені Роман Еремин көрсетті - 22-ші орын. Владислав Витенко, Василий Подкорытов пен Максим Браун үшін спринт сәтсіз аяқталды.

Биатлоннан әлем кубогының VIII кезеңі, Холменколлен, Норвегия

Ерлер, спринт, 10 шақырым

1. Хенрик Л’Абе-Лунд (Норвегия) – 26:10.3

2. Йоханнес Бё (Норвегия) - +6.1

3. Мартен Фуркад (Франция) - +6.9

… 22. Роман Еремин (Қазақстан) - +1:08.1

81. Владислав Витенко (Қазақстан) - +2:52.7

98. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +5:04.4

100. Максим Браун (Қазақстан) – +5:46.2

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал