01.06.2018, 17:31 706 Ерлік көрсетті. Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінде Цянның алдын орады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 98-ші орында) «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Біздің жерлесіміз айтылған турнирдің үшінші кезеңінде қытайлық теннисші Ван Цянмен кездесті. Матч Путинцева үшін сәтті бастала қойған жоқ. Юлия бірінші сетте 6:1 есебімен қарсыласына жол берді.

Екінші партияда қазақстандық теннисші қайсарлық танытып, есепті 7:5 қылды.

Шешуші сетте де ойынның сценарийі өзгерген жоқ. Ван Цян бастапқыда басымдыққа ие болғанымен, ақыр соңында жеңісті сусытып алды. Отандасымыз Қытай елінің теннисшісін 6:4 есебімен ұтты.   

Енді Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінің 1/8 финалында Катержина Синякова мен Барбoра Стрыцова жұбының жеңімпазымен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал