28.02.2018, 12:40 1016 Ертең ҚР ауыр атлетика федерация президентін сайлау өтеді

Ертең Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясы президенті мен басқарушы орган мүшелерін кезекті рет сайлау өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Шара барысында ҚР ААФ басқарушы орган мүшелерін сайлаумен қатар, Федерацияны ары қарай дамытудың жоспары талқыланатын болады, сондай-ақ оларды іске асырудың жолдары қарастырылады. ҚР ААФ сайлау конференциясымен бірге, Астанада Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) Құрлықаралық комиссия отырысы өтеді.

Конференцияға IWF президенті Тамаш Аян, IWF бас хатшысы Мохаммед Джалуд, IWF бес құрлық федерацияларының президенттері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегерлері Карина Горичева мен Александр Зайчиков қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал