24.05.2018, 16:12 1087 Ертең ҚР кубогы 1/2 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді

25 мамыр күні футболдан 2018 жылғы Қазақстан Кубогының жартылай финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.
 
Шара Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде елорда уақытымен 12:00-де басталады.
 
Финал жолдамасын Премьер-лиганың төрт командасы сарапқа салады - «Атырау», «Ертіс», «Қайрат» және «Шахтер».
 
Командалар бір кәрзеңкеге орналастырылады. Турнирдің жартылай финалдық кездесулері екі ойыннан тұрады. Алғашқы матчтар 14 маусым күні, қарымта кездесу 27 маусым күні өтеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал