24.04.2018, 14:32 849 Ертең ҚР кубогы 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді

25 сәуір күні 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Кубогының ширек финалына қатысатын командалар: 
 
- «Атырау»
- «Ертіс»
- «Қайрат»
- «Қайсар»
- «Мақтаарал»
- «Ордабасы»
- «Тобыл»
- «Шахтер»
 
Бұл кезеңнің қатысушылары тең жағдайда бір кәрзеңкеге орналастырылады. Матчтар бірінші болып таңдалған жұптың алаңында өтеді. Ширек финал ойындары бір кездесуден тұрады. 1/4 айналымның ойындары 2018 жылдың 23 мамырына жоспарланған.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал