26.02.2018, 11:22 841 Ертең Усэйн Болтты футболшы ретінде таныстырады

Ямайкалық жеңіл атлет, 11 дүркін әлем чемпионы Усэйн Болт футбол командасымен келісімшартқа отырғанын айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі спортшының инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

«Мен футбол командасымен келісімшартқа отырдым. Қай командада доп тебетінімді сейсенбі күні білетін боласыздар», - деп жазды Болт өзінің парақшасында.

31 жастағы Усэйн  бірнеше рет «Манчестер Юнайтед» клубында ойнағысы келетіндігін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін спортшы наурыз айында «Боруссия Дортмунд» командасының қаралымында болатындығын айтқан.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал