08.12.2017, 14:15 4067 «Ертіс» Карпинмен байланысқа шықты

Фото - news.sportbox.ru

Ресейдің белгілі маманы Валерий Карпин «Ертістің» бапкері болып қалуы ғажап емес. Бұл туралы  SPORTINFORM  САА хабарлайды.

48 жастағы «Спартактың» бұрынғы бас бапкері өзінің сұхбаттарында кез келген клубтың ұсынысын қарастырамын деп талай айтқан. Өткен аптада «Ертіс» футбол клубының басшылығы Карпинмен байланысқа шығып, келіссөздер жүргізіп көрді. Ресейлік маман ойланып-толғануға уақыт сұраған деседі. Валерий бұл ұсынысты қабылдамаған жағдайда Павлодар клубының өзге де кандидаттары бар екенін де айтқымыз келеді. «Ертістің» шорт-тізімінде қазақстандық маман да бар.    

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал