20.11.2018, 17:50 6398 «Ертіс» Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды

Павлодардың «Ертіс» футбол командасы Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір Павлодар қаласында «Ертіс» пен Шымкенттің «Қыран» командалары арасындағы кездесу аяқталды. Аталмыш кездесуде «Ертіс» сапынан Арман Смайылов пен Милош Стаменкович екі гол соқса, оған «Қыран» қатарынан Абзал Серікжан бір голмен жауап қайырды. Есеп - 2:1.  «Ертіс» жеңіске жетті. Осылайша Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. 

Үстіміздегі жылы «Ертіс» өте сәтсіз ойын көрсетті. Турнир кестесінде оныншы орынға әрең қол жеткізді. Ал «Қыран» бірінші лигада үшінші орынға тұрақтады. Жарыс талабы бойынша Премьер-лигада 10-орын алған команда мен бірінші лигада үшінші орынға тұрақтаған ұжым плей-офф кезеңінде жолдама үшін шеберлік байқасатын. Алдыңғы кездесу Шымкент қаласында өтіп, онда «Ертіс» 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Бұған дейін «Ертіс» мұндай төмен нәтиже көрсеткен емес. Айта кетерлігі, «Ертіс» ел біріншілігінде бірде-бір мәрте бірінші топқа түсіп көрген жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, биыл бірінші лигадан Премьер-лигаға Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Тараздың «Тараз» командалары жолдама алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал